Мақала

АЛҒАН БІЛІМНІҢ НӘТИЖЕСІ

Мұғалімдер қауымы диплом ғана алып қоймайды.Жылда білімін жетілдіріп отырады .Әйгілі педогог Ушинскийдің тамаша сөзі бар:»Ізденісін тоқтатқан ұстаз-білімін де тоқтатты деген сөз»Демек әрбір ұстазға ізденіс,талпыныс қажет.Атам қазақ айтады:»Ілім-инемен құдық қазғандай».Таза еңбекпен,таза ізденіс пен келетін рухани қазына болып табылады.

Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында 2022жылдың қыркүйектің аяғы қазан айының басында 80 сағаттық біліктілік арттыру курсынан қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері бойынша педогогтердің базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту(5-9сыныптар)барысында білімімізді шыңдадық.

Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері,білімпаз ұстаз,тәжірибелі тәлімгер,ғажайып психолог, педагог Саметова Жайна Хадиронқызы білім нәрімен сусындатты. Ол ұстаздың есте сақтау қабілеті мен ұйымдастырушылық қабілеті бәрімізді таң қалдырды .Әрбір оқытушы мен арнайы жұмыс жасады.Жекелей,,жұптық,топтық һәм шығармашылық жұмыстар орындалды.

Шебер ұстаз Бану Игисенова,талантты мұғалім Бөлденбаева Жазира,ізденімпаз жас мұғалім Гүлжайна Сәндібекқызы,ойы жүйрік тәлімгер Берғали Айнұр Тұрдыбекқызы              тағы басқа парасатты да білімпаз мұғалімдер болды.Соның бір жетістігі ретінде вебинар,семинар сабақтарда Бану Рахымбердиевнаның баяндамалар жасауы,пікір білдіруі.Қарасай ауданына қарасты Алмалыбақ аулының гимназиясының тәлімгері Жазира Тоқтакыновнаның «Тіл тағлымы»атты желтоқсанда өткен облыстық интернат олимпиадада топ жарып,бас бәйгені алуы.Абай ауылының мұғалімі Гүлжайна Сәндібекқызы облыстан жүлделі оралды.Кемертоған мектебінде оқитын 9сынып оқушым Үмбетбай Нұрболат Абай оқулары бойынша республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды.М,Әуезов шығармашылығына қатысты облыстық семинарда ауызша баяндама жасадым.Аудандық вебинар сабақтарға қатынастым.Түрлі пікірлер айттым .Менің жазған мақалаларыма Өрлеу білім орталығының ұстазы Жайна Хадиронқызы жоғары баға берді.Шығармашылық жұмысымыз бағаланып,алғыс хатпен марапатталдық.Курс сабағын аяқтасақта бірге білім алған мұғалімдермен білімімізді бөлісіп,хабарласып тұрамыз.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,қанша білім алсаңда,үздіксіз ізденіс қажет екен.Сондықтанда әрбір ұстазға толағай біліммен мамандығын сүйетін ықылас ауадай қажет деп ойлаймын.

АТА БАҚЫТБЕК МАУЛЕНҰЛЫ

журналист,педагог

АЛҒАН БІЛІМНІҢ НӘТИЖЕСІ

Ата Бақытбек Мауленұлы
«Кемертоған мектебі» КММ

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке
Akberen

Akberen

About Author

Akberen Education - "Ақберен" республикалық танымдық-шығармашылық журналы

Leave a comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас материалдар

Мақала

Teaching English through literature to Yessenov University students

Teaching English is an interesting and challenging process for the teachers of English as foreign language. Among all methods and
Мақала

ALMAU LANGUAGE CENTER 2023 REWIND: THE MOST MEMORABLE EVENTS OF THE YEAR

With the end of the academic year, the higher educational institution Almaty Management University, specifically the Language Center, was able