Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» (ғылыми жоба)
Жобас жұмысының кіріспесі
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша Кәсіби даму институтында 2022 жылдың 26.09-07.10 айлар аралығында 80 сағаттық көлемінде біліктілік арттыру курстарынынан өту барысында «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту (5-9 сынып) тақырыбында оқыды.
Облыстың бірнеше аудандарынан 34 мұғалім білімдерін жетілдіріп арнайы сертификаттар алды. «Өрлеу» БАҰО тәжірбиелі тәлімгерлері дәрістер оқыды. Мұғалімдердің білімдерін жетілдіруге септігін тигізді. Аса тәжірбиелі ұстаз көп жылдан бері білім нәрін беріп келе жатқан, ардақты ұстаз Саметова Жайна Хадиронқызы дәріс жүргізді. Бағдарламаға сай сабақ өткізді, тамаша шығармашылық жұмыстар жасады, өзі тәлім бергендерді 5-6 мұғалімдерден топтап шығармашылық жұмыс жасатты. Ғылыми жоба, өзіндік жұмыс, ашық сабақтар барысында қорғалды. Әрбір мұғалім өзіндік жұмысты жеке орындап ашық сабақтарын қорғап, ғылыми жобаны шығармашылық топпен талдап таразылады. Мұғалімдер алған білімін сараптап, алған қазыналарын сабақ барысында қолданатын болады.
Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»
Ғылыми жоба тақырыбы «Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі» бойынша бірлесе жасаған ғылыми еңбек болып табылады. Жобаның мазмұны:Жобаның тақырыбы, жобаның мақсаты, міндеті, жұмыстың зерттелуі, жоба жұмысының оқытылуын салыстыру, «Бес асыл іс» талдау, қорытындыдан тұрады.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Мақсаты – жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, кеңілі ойлы» адамдарға сенім артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің охат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылдыру. Міндеті – жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, асыл қасиеттерді уағыздау. Өлең-адам баласының жүрегін оятып, ғылым мен білімге шақыру туралы.
Президентіміз Қ.Тоқаевтың таяуда жарық көрген мақаласы соңында: «Абай бізге нені аманаттады? … Басқасын былай қойғанда, ақын айтқан бес асыл істі жүзеге асырып, бес дұшпанды бойдан қашырып жатырмыз ба?» «Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш-Абай сөзі, Абай аты боларға керек… Ең жоғары, ардақты орын – Абайдікі»- деп Міржақып Дулатов айтқан.«Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр»-деп Мұхтар Әуезов айтып кеткен. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ»-деп Ахмет Байтұрсынов айтқан.
Абай туралы оқушыларға берілген білімнің әр сыныпта өз деңгейіне орай тақырып алынған. 6-сыныпта Абай шығармашылығына, «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба», «Бірінші сөз», «Жетінші сөз», «Отыз бірінші сөз» өлең, қарасөздеріне, өлең құрлысына тоқталса, 10-сыныпта «Сегізаяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Он жетінші сөз», «Отыз екінші сөз», «Масғұт» поэмасы сынды туындыларына яғни, поэма, өлең құрлысы, тақырып, идея, композициялық құрлымына кеңінен тоқталған.
Адам баласының ең жаманы – талапсыз»-деп бастайды да, талаптың түрлері көп болатынын баяндайды. Абайдың түсінуінше талапсыздық түрлері – ынтасыздық. Ықылассыздық, жігерсіздік. Еңбек – бұл дүниедегі құдіретті күш, діни ұғымда құдай болса, ғылыми ұғымдағы бірден-бір жасампаз ұлы күш – еңбек. Терең ой – адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбек дағдысы барысында қалыптасқан адамды барлық жан-жануардан ерекше айырып тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалады. Оның біріншісі – ақыл-ой, екіншісі – сөз. Қанағат. Абай адамгершілік, иман туралы толғаныстарында «Қанағат ұғымына ерекше мән береді. Ақынның түсінуінше қанағат – барға риза болу, місе тұту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу. Рақым. Рақым дегеніміз ұғымдық философиялық тұрғыдан алғанда адамның өзге кісілерге жасайтын жақсылығы, мейірім-шапағаты мен көмегі. Өсек. Абай заманында ел арасына көп тараған, адамгершілікке жат, жаман қылықтардың бірі – өсек айту, өсекшілдік. Өсектің қазақ ортасын кең тараған бір түрі – жалақорлық, арызқойлық, өсек, өтірік, домалақ арыздар Абайдың өз атына да талай тжауған болатын. Өтірік. Ақын өсекшілдікті опасыздықтың, арамзалықтың, екіжүзділіктің ең жексұрын көрінісі ретінде айыптайды, өсек-аяңға үйір, желбуаз жандарды өлтіре сынап, адамдар бойындағы өтірік айту секілді кеселдерді уытты тілмен әшкерелейді. Мақтаншақ. Абай өмір сүрген заманда ел адамдарының, әсіресе үстем тап өкілдерінің бойында жиі кездесетін жаман қылықтардың бірі – мақтаншақтық, даңғойлық. Еріншектік – адамдардың бойына біткен жаман қылықтардың ішінде ең жағымсызы. Абайдың түсіндіруінше: – еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Бекер мал шашу. Абай шығармаларында қолда бар қаржы мен мал-мүлкін дұрыс пайдалана алмайтын, өз пайдасын білмейтін, сырт көзге жомарт болып көрінуге тырысатын мақтаншақ адамдарды өлтіре сынға алған.
Абайдың тілі өте көркем сөздің гауһарын маңызын береді. Абай қазақтың шешендік өнерін,бай ауыз әдебиетін шығыстың,батыстың,орыстың,әлемнің асыл сөзін бойына сіңіріп, шығыстың жеті жұлдызының інжу-маржан поэзиясын жүрегіне бекітіп,әлем әдебиетіне зор үлес қосты. Әлем әдебиетіне жауһари жырларымен мәңгілік өшпейтін асыл мұрасы ғылымға тарту етті. Мәселен ағылшында Шекспирмен,французда Балзакпен, орыстар Пушкинмен ,Азербайжан Низамимен мақтанса, даналығын паш етсе, қазақтар данышпан Абаймен мақтана алады. Абай қазақтың бойтұмары,Абай қазақтың картасы, Абай қазақтың дүниетанымы, Абай қазақтың асыл сөзінің інжу-маржаны болып табылады. Ұлы Абайдың әрбір өлеңі-жеке-жеке зерттеуді қажет ететін өлмес мұра. Біздің зерттеумізге мұрындық болып отырған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі-әрбір ізденушіге ғибрат алатын құнды дүние. Бұл жырдың маңызы- әрбір адам өзімен қалай күресуге болады, қалай жаман кесапаттардан құтылуға болады, қайтіп бойымыздағы асыл қасиеттерді таба аламыз. Яғни, соған жауап аламыз. Қорыта келе айтқанда адамның рухани кемелдену жолдарын көрсетеді.Абайды жай оқуға болмайды оның өлеңдерін саралап оқуға қажет. Абайдың кім екенін ақын Мағжанның өлеңімен аяқтаймыз:
«Шын хакім сөзің асыл-баға жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес!»
Жоба жұмысын қорғағандар:
Ата Бақытбек Мауленұлы (atabakytbek2021@mail.ru)
Қоспанбетова Гүлжайна Сәндібекқызы (guljaina1992@mail.ru)
Қарымсақова Айнагүл Рзалиевна (pcsh_8@mail.ru)
Берғали Айнұр Тұрдыбекқызы (ainurbergali@mail.ru)
Тумабаев Максат Токмолдаевич (maksat_tumabaev@mail.ru)
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ «ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА»
Ата Бақытбек Мауленұлы
Қоспанбетова Гүлжайна Сәндібекқызы
Қарымсақова Айнагүл Рзалиевна
Берғали Айнұр Тұрдыбекқызы
Тумабаев Максат Токмолдаевич





