Сценарий

Құтты болсын Жаңа жыл

Тақырыбы: «Құтты болсын Жаңа жыл»

Мақсаты: балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың: Аязатаның, Ақшақардың, Орман сиқыршысының карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым — қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.

Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Орман сиқыршысы

Мереке барысы:
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: Сәлем бар адамдарға
Аяулы аналарға
Ардақты ұл — қыздарға
Бүлдіршін балаларға
Жарқырап жастар әні
Болсын той маскарады.
Ортаға балалар қол ұстасып шығып би билейді.

Жүргізуші: Армысыздар ағайын! Құрметті ата — ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сіздерді «Жаңа жыл»мерекесімен құттықтаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Сіздерді осы жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке, бірлік әкелсін дейміз.
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы көп болсын Жаңа жылға
— дей отырып, жаңа жылдық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Жаңа жылым жаңа бақыт сыйласын,
Көгімізде бақыт рухы самғасын
Төгілтіңдер жаңа жылдың жақсы әнін
Қуанышпен арайлансын ақ таңың
Кел жаңа жыл жаңа жыл,
Саған әзір Жаңа жыр
Елге табыс, жақсылық
Ала келші жаңа жыл
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.

Akberen

Akberen

About Author

Akberen Education - "Ақберен" республикалық танымдық-шығармашылық журналы

Leave a comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас материалдар

Сценарий

Түлекке тілек

Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,Қызылорда қаласы Түлекке тілекҚұрметті мектеп бітіруші түлек! Сіз үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты
Сценарий

9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі

Ұлы Жеңіске – 78 жыл!9 – мамыр жеңіс күнін мерекелеуге арналған жиынның сценарийі